
2022 жылғы 21 наурыз, Рабат қаласы.
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елші Сәулекүл Сайлауқызы Рабат қаласының мэрі Асмаа Рхлалу ханыммен кездесті.
А.Рхлалу Марокконың астанасы Рабаттың алғашқы әйел мэрі болып келеді.
Достық және жылы атмосферада өткен кездесу барысында екі елдің әйелдер құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында гендерлік саясатты жүзеге асырудағы жетістіктері, әйелдің қоғамдағы рөлі, Нұр-Сұлтан мен Рабат қалалары арасында бауырластық қатынастар орнату, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту төңірегінде жемісті пікір алмасу орын алды.