
2022 жылғы 17 наурыз, Хурибга қаласы.
Қазақстанның Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокконың Дипломатиялық Қоры Рабаттағы шетелдік Елшілер үшін ұйымдастырған танысу сапармен Хурибга қаласында болды.
Дипломаттар Хурибгадағы Марокконың, тіпті әлемдегі шикі фосфаттының, фосфор қышқылының және фосфор тыңайтқыштарының жетекші экспорттаушысы болып табылатын Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «OCP SA» тобының басшылығымен және компания жұмысымен танысты. Қонақтардың «ағаш отырғызу дәстүрін» жалғастырып, Елшілер Хурибгада ағаш отырғызып кетті.
Сондай-ақ, Елшілер Хурибга қаласында «OCP SA» компанияның есебінен салынып, соның спонсорлығындағы алдыңғы қатарлы мектептің интерактивті оқу процесі және қаладағы Медикатека жұмыстарымен танысты.