
2022 жылғы 9-11 наурызда Елшілік қолғабысымен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Е.Байдаулеттің Марокко Корольдігіне сапары өтті.
Елшілік Бас директордың Корольдік Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтар жөніндегі министрліктің Бас директоры Фуад Язур, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бас хатшысы Ридуан Арраш, ИСЕСКО Бас директоры Сәлім Әл Мәлік, Араб Мағриб одағының бас хатшысы Таеб Баккуш, Марокконың Сауда және өнеркәсіп палата федерациясының Президенті Лаккуш Алауи, Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі агенттіктің бас директоры әл Махди Арифи, Агрономикалық ұлттық зерттеу институтының Бас директоры Фаузи Беккауи, Сауданы дамыту жөніндегі ислам орталығының Бас директоры Латифа әл Буайда, Касабланка қаласының Сауда және өнеркәсіп палатасының басшысы Хассан Берканимен кездесулерін ұйымдастырды.
Кездесулерде Қазақстан мен Марокко арасындағы, оның ішінде АҚИҰ шеңберінде ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты белсендіру, сондай-ақ АҚИҰ мақсаты мен міндеттері және оның стратегиялық бағдарламалары, азық-түлік қауіпсіздігінің болашақ ортақ мәселелері талқыланды.
Сапар нәтижесі бойынша Елші С.Сайлауқызы Бас директор Е.Байдаулетпен бірлесіп Ауыл шаруашылығы мен Сыртқы істер министрліктері, Рабатта аккредиттелген Ислам Ынтымқтастығы Ұйымына мүше елдердің елшілері, бизнес тобы мен БАҚ өкілдері үшін Елшілікте брифинг өткізді.
Е.Байдаулет болу елі мен аймақтағы ең ірі Maghreb Arabe Presse (MAP) ақпарат агенттігі мен Hespress басылымына кеңауқымды сұхбат берді.