Қазақстанның Елшісі Марокко Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бас хатшысымен кездесті

Қазақстанның Елшісі Марокко Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бас хатшысымен кездесті

2022 жылғы 9 наурыз, Рабат қаласы.

Қазақстаның Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Ерлан Байдәулеттің Мароккоға сапары аясында Корольдіктің Ауыл шаруашылығы, балық аулау, ауылдық жерлерді және орманды дамыту министрлігінің Бас хатшысы Редуан Аррахпен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық және марокколық тараптар екіжақты және көпжақты, атап айтқанда АҚИҰ шеңберінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту, өзара шарт-құқық базасын кеңейту, азық-түлік өнімдерінің тасымалдау бағыттарын әртараптандыру, өсімдік пен мал шаруашылығы, «Ақылды ауыл шаруашылығы» және т.б. бағыттарда ғылыми-зерттеу орталықтары арасында ынтымақтастық орнату, өзара тәжірибе алмасу және жас мамандарды оқыту мен даярлау мәселелерін талқылады.