Касабланкада Қазақстанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Касабланкада Қазақстанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

2022 жылғы 3 наурыз, Касабланка-Сеттат

Елшіліктің Екінші хатшысы А.Алдажанов байланыстар орнату мүмкіндігімен танысу мақсатында «BHF ATLAS PEINTURES» компаниясының президенті Абдеррахим Амзилмен және «Total Quality Chemistry» компаниясының басшылығымен кездесті.

Кездесулер барысында қазақстандық дипломат Қазақстанның сауда-экономикалық әлеуеті және шетелдік инвесторларды қолдау шаралары туралы ақпарат берді.

Компаниялардың өкілдері Қазақстаннан бірқатар өнімдерді, соның ішінде фосфат, фосфат тұздары, аммиак селитрасы, хром оксиді мен гидроксиді және басқа да өнімдерді импорттауға қызығушылық танытып, фосфат өнеркәсібіне қатысты бірлескен ғылыми жобалар мен инновацияларға инвестиция салуға дайын екендіктерін растады.