Қазақстанның Елшісі Сенегал Елшісімен кездесті

Қазақстанның Елшісі Сенегал Елшісімен кездесті

2022 жылғы 1 наурыз, Рабат қаласы.

Қазақстанның Рабаттағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Сенегал Республикасының Марокко Корольдігінің Елшісі Сейнабу Диалмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сенегал арасындағы екіжқаты қатынастарды дамыту жолдары, сондай-ақ көпжақты бағыттағы, атап айтқанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы OIC, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы IOFS  және Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы ICESCO шеңберіндегі өзара іс-қимылдары бойынша пікір алмасты.