
2022 жылғы 24 ақпан, Рабат қаласы.
Елші Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелдегі марокколықтар жөніндегі министрлігі Шығыс, Шығанақ, Араб және Ислам ұйымдары департаментінің директоры Фуад Ахрифпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Ислам ынтымақтастығы ұйымы (OIC), Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (IOFS) және Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO) шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылдары бойынша пікір алмасты.