
2022 жылғы 17 ақпанда Қазақстанның Рабаттағы Елшілігінің ғимаратында Елші С.Сайлауқызы «Le Matin» басылымының журналисі Дрис Лякубиге кеңейтілген сұхбат берді. Сұхбат барысында Елші Қазақстан мен Марокко арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы туралы айтып, Елшіліктің саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.