Қазақстан Елшісі Нұр-Сұлтандағы Марокконың бірінші Елшісімен кездесті

Қазақстан Елшісі Нұр-Сұлтандағы Марокконың бірінші Елшісімен кездесті

2022 жылғы 15 ақпан, Рабат қаласы.

Елші С.Сайлауқызы Марокконың Қазақстандағы бірінші Елшісі Абдежалел Саубриді оның Нұр-Сұлтандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Елшілікте қабылдады. Кездесу барысында Елші марокколық әріптесіне биылғы жылдың басында Қазақстанда орын алған «Қасіретті қаңтар», Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформалары және «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы туралы толыққанды ақпарат беріп, Қазақстан мен Марокко арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары төңірегінде пікір алмасты.