
2022 жылғы 24-25 қаңтарда Елші Сәулекүл Сайлауқызының Марракеш қаласына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында Елші қала әкімнің бірінші орынбасары Мұхаммед әл-Идриси, Сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы Камал Бенхалид, өңірдегі беделді ірі «Қади-Аяад» университетінің ректоры Ихсан Хбидпен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады.
Бұған қоса, Сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен Елшінің өңірдегі ірі зейтун майын өндіретін «Framaco Rival», арган майынан косметикалық кремдер мен медициналық дәрі шығаратын «Botanika» және текстиль өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттайтын «SITI» компания басшыларымен кездесулері өтті. Кездесулердің барысында С.Сайлауқызы елімізде шетелдік инвесторларға жасалған қолайлы жағдай мен құқықтық қолдаулар туралы кеңінен ақпарат беріп, компанияларды Қазақстанмен белсенді ынтымақтастық орнатуға шақырды.