Қазақстан Елшісі Марокко Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Марокко Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Рабат қаласындағы резиденциясымен Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі алғашқы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Королі Мұхаммед VI сенім грамоталарын тапсырды.

Сенім грамоталарын Король сарайында табыс ету рәсімі барысында қазақстандық дипломат Марокко Короліне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан тарапының Мароккомен екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Король Мұхаммед VI Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа жылы лебізін жолдап, қазақ елін сенімді әрі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. Марокко Королі Елшіні қызметінің ресми басталуымен құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

 

***

Қазақстан мен Марокко арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 26 мамырда орнатылды. 2022 жылы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады.

Қазақстанның Мароккодағы Елшілігі 2021 жылы ашылды.

2021 жылғы қаңтар-қараша екі ел арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 59,8% – ға өсіп, $103,4 млн құрды, оның ішінде экспорт – $92,9 млн, импорт - $10,5 млн.

Қазақстан негізінен Мароккоға күкірт пен тас көмір экспорттайды. Мороккодан елімізге киім, аяқ киім, маталар, теңіз өнімдері, көкөністер мен жемістер импортталады.