Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасын жою мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасын жою мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасын жою мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды. Тиісті заң Президенттің ресми сайтында жарияланды.

2003 жылдан бастап Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізілген болатын. Содан бері жасалған қылмыстар үшін өлім жазасы тағайындалмаған еді.

2 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге өлім жазасын жоюға бағытталған екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды. Осылайша Қазақстан өлім жазасынан толық бас тартты.

Мәжіліс өлім жазасын алып тастау туралы заң жобасын мақұлдады, бірақ кейбір ескертпелер бар. Ескертпеге сәйкес, Қазақстан соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырады. Дегенмен, Президент бұл норманы айыптап, заң жобасын ешбір ескертусіз қабылдау қажеттігін мәлімдеді.

23 желтоқсанда сенаторлар Қазақстанда өлім жазасын толығымен алып тастау туралы заң қабылдады.

"Осы заңды қабылдау арқылы Қазақстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салынған елдердің қатарына қосылды. Сонымен қатар, еліміз өлім жазасын толық жоюға бағытталған халықаралық қозғалысты қолдайтынын дәлелдеп отыр", - деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.