Қазақстан Мароккодан цитрус жемістерін импорттауға ниетті

Қазақстан Мароккодан цитрус жемістерін импорттауға ниетті

2021 жылғы 23-24 желтоқсанда Елшілік қызметкері Агадир қаласына жұмыс сапарымен барып, онда ауыл шаруашылығы саласындағы беделді үш ірі компания өкілдерімен кездесті.

Атап айтқанда, Король әулетіне тиесілі «Royal», Ресей және Еуропа елдеріне экспорттаушы «Elboura» және жергілікті нарықты қамтамасыз етуші «Limoune» компания басшыларымен кездесулер ұйымдастырылып, болу еліндегі жеміс-жидек және көкөніс нарығына сараптама жасалды.

Алдағы уақытта екі ел арасындағы тауар айналымын одан әрі жандандыру мақсатында апельсин, мандарин және тағы басқа көкөністерді елімізге экспорттау жоспарлануда.