Қазақстан мен Марокко елшілері екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Марокко елшілері екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

2021 жылғы 28 желтоқсан, Рабат қ.

Елші Саулекүл Сайлауқызы Марокконың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Мұхаммед Рашид Маанинумен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Марокко арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында С.Сайлауқызы марокколық әріптесіне екі елдің игілігі үшін алдағы жұмысына табыс тіледі.