Марокко Королі Қазақстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Марокко Королі Қазақстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Марокко Королі Мұхаммед VI Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Тәуелсіздің күні мерекесіне орай құттықтау хатын жолдады.

Жеделхатта Марокко Королі Мұхаммед VI Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты шын жүректен құттықтап, зор денсаулық пен бақыт, ал бауырлас қазақ халқына тұрақты өркендеу мен гүлдену тілеген.

Сондай-ақ жеделхатта Король «Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, екі ел арасындағы достық пен бауырлас қарым-қатынастардың жоғары деңгейіне ризашылығымды білідіремін. Халықтарымыздың игілігі жолында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Өзіңізбен бірге жұмыс істеуге дайдығымын қуаттаймын», - деп мәлімдеген.