
2021 жылғы 15 желтоқсанда Рабат қаласындағы беделді Sofitel Jardin des Roses қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу күніне орай салтанатты қабылдау өтті.
Іс-шараға Мароккодағы дипломатиялық корпус мен халықаралық ұйымдар, заң шығарушы және атқарушы билігі, бизнес топтар, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, сондай-ақ қазақстандық диаспора өкілдері қатысты.
Қонақтарға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бейбіт және интеграциялық бастамалары, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» Жолдауының негізгі қағидалары және өткізіліп жатқан реформалар туралы айтылып берілді.
Сондай-ақ, қабылдау барысында қонақтардың назарына Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және елдің сыртқы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларының басты оқиғалары көрсететін бейнероликтер мен фотокөрме ұсынылды. Оның ішінде, ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісі, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Семей полигоны, Байқоңыр ғарыш айлағы, еліміздің көркем өңірлері, салт-дәстүрлер және т.б. бар.
Іс-шараның құрметті қонағы Марокко Парламенті Өкілдер палатасы Сыртқы істер, ұлттық қорғаныс, ислам істері және шетелде тұратын мароккалықтар істері комитетінің төрайымы Надия Буайда ханым Ұлы Мәртебелі Король Мохаммед VI-ның Қазақстан Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге орай жылы лебіздерін жеткізді. Тәуелсіздік алғаннан бергі елдің 30 жылдағы жетістіктерін жоғары бағалай отырып, ол Рабаттағы Елшіліктің ашылуымен құттықтап, Қазақстан мен Марокко арасындағы парламентаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді
Қабылдау мерекелік достық атмосферада өтті.