
2021 жылғы 3 желтоқсан, Рабат қ. Елші Сәулекүл Сайлауқызы Инвестициялар мен экспортты дамыту жөніндегі марокколық агенттіктің AMDIE Бас директоры Юэф Әл Баримен кездесті.
Кездесуде Қазақстан мен Марокко арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту төңірегінде әңгіме қозғалды.
Кездесу соңында С.Сайлауқызы Ю. Әл Бариды 2021 жылғы 9 желтоқсанда Елшілік және Касабланка қаласының Сауда-Өнеркәсіп Палатасымен бірге ұйымдастыратын «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» дөңгелек үстеліне шақырды.