Елшіліктің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай құттықтауы

Елшіліктің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай құттықтауы

Аса қадірлі отандастар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осыдан тура 30 жыл бұрын бүкілхалықтық алғашқы сайлау өтіп, нәтижесінде Қазақстан азаматтарының 98,7% Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасына дауыс берді. Сол уақыттан бері бұл күн Қазақстан халқының тарихи таңдауы, тәуелсіздік пен өркендеуге бағытталған ортақ әрекетінің символына айналды.

Тұңғыш Президенттің есімі егемен Қазақстанның барлық жетістіктерімен тікелей байланысты әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер, оның барлық бастамалары мен іс-әрекеті өз халқы мен Отанына қызмет етудің жарқын үлгісі ретінде мәңгілік тарихқа енді.

Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, барлық өміршел бастамаларыңызға сәттілік пен табыс, болашақтарыңыздың жарқын болуына тілестестігімізді білдіреміз!

Отанымыз - Қазақстан Республикасы дамып, гүлдене берсін!

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігінің ұжымы