
2021 жылғы 28 қазан, Рабат қ. Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелдегі марокколық диаспора жөніндегі министрлігі Жаһандық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Исмаил Шеккоримен кездесу өтті. Кездесу барысында терроризмге қарсы күрес, ядролық қарудан бас тарту, сыбайлас жемқорлықпен күрес, адам құқықтарын қорғау және т.б. салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.