
2021 жылғы 9 қыркүйек, Рабат қ. Қазақстанның Елшісі С.Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтар жөніндегі министрлігі Мәдени ынтымақтастық және іс-қимыл департаментінің директоры Надия Әль Хнотпен кездесті.
Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан мен Мароккко арасында мәдени-гуманитарлық, спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, екіжақты құжаттарға қол қоюды ілгерілету, ИСЕСКО аясында ықпалдастықты белсендіру, Мәдени күндер өткізу, қалалар арасында бауырластық орнату және т.б. мәселелерді пысықтау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.