2021 жылғы 7 қыркүйек, Рабат қ. Елші С.Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтар жөніндегі министрлігі Экономикалық ілгерілету және ынтымақтастық департаментінің директоры Сорея Жабримен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ықпалдастықты дамыту, өзара тиімді ынтымақтастық механизімдерін орнату, оның ішінде үкіметаралық комиссия құру, шарттық-құқықтық негізді кеңейту және т.б. мәселелер талқыланды.