Қазақстанның Елшісі Марокконың Сыртқы істер министріне Сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Қазақстанның Елшісі Марокконың Сыртқы істер министріне Сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

2021 жылғы 3 мамыр, Рабат қ. Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелдегі марокколық диаспора жөніндегі министрі Насер Буритаға Сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Марокко арасындағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдар талқыланды.

Н.Бурита Қазақстан басшылығының Рабат қаласында Елшілік ашу туралы шешімін жоғары бағалап, қазақстандық дипломаттың алдағы жұмысына толағай табыстар тіледі.