Рабат қаласында халықаралық ұйымдар аясында Қазақстан мен Марокко арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды

Рабат қаласында халықаралық ұйымдар аясында Қазақстан мен Марокко арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды

2021 жылғы 29 қыркүйек, Рабат қ. Қазақстан Республикасының Елшісі С.Сайлауқызының Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтар жөніндегі министрлігі Көпжақты ынтымақтастық және халықаралық экономикалық мәселелер департаментінің директоры Бен Меллук Абделламен кездесуі өтті.

 Сұхбат барысында Қазақстан мен Мароккко арасында халықаралық экономикалық ұйымдар шеңберінде ықпалдастықты белсендіру, Қазақстанның 2021 жылғы 30 қараша-3 желтоқсанда өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттер министрлерінің 12-конференциясына төрағалық етуі мен оның күн тәртібі бойынша бірлесе жұмыс ету мәселелері талқыланды.