Меню

Страницы

Статья

А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай

Ахмет Байтурсынұлы (1872-1937) ұлы түркітанушы, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы,  педагог, аудармашы, публицист, қазақтың ақыны, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,  қазақ халқының 20-ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы   жетекшілерінің бірі, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

А.Байтұрсынұлы 1910-1912 жылдары қазақ жерінде сауатсыздықты жою үшін араб жазуының қолайлы емес тұстарын түзеп, қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, «төте жазу» әліпбиін құрастырды. Төте жазу әліпбиінің әдістемесі ретінде «Оқу құралы» тұңғыш кітабын жазған. Әліпби араб жазуы негізінде жасалды, 24 таңбадан, 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жартылай дауысты дыбыстан тұрды.  Төте жазу әліпбиі 1913 жылдан бастап 1929 жылға дейін мұсылман мектептерінде, кеңестік мектептерде қолданылды. Қазіргі уақытқа дейін қытай қазақтары  төте жазуды қолданады.

А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» оқулығы – қазақ тіл білімі салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның зор еңбегінің бірі – терминдерді жасауы. Қазақ тіл білімінде  қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы – ғалымның жазып кеткен мұрасы.

«Әдебиет танытқыш» зерттеуі – қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек.

«Әдебиет танытқыш» – эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек. А. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады.

«Әдебиет танытқыш» – эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек. А.Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады.

А.Байтұрсынұлының әдеби шығармалар жинағы «Қырық мысал», «Маса», негізгі идеясы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ол орыс акындары А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, С.Я. Надсон, француз ақыны Ф.Вольтер өлеңдерін қазақ тіліне  аударды.

Оқу-ағарту идеясы А. Байтұрсынұлының қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген – оның өз халқының тағдырын ойлаған қам-қарекеті.

Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы қазақтың ғана емес, өз кезіндегі көптеген түркі ғалымдарының  іргелі ізденістеріне әсер етті. Оның еңбектері ХХ ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейін Орталық Азиядағы түркітілдес халықтардың тәуелсіз ғылымы мен білімін қалыптастырушы ғылыми ортаға етене таныс болып қана қойған жоқ, өзектілігіне байланысты ғылыми деректеу көзі ретінде белсенді қолданысқа ие.

Дата публикации
14 марта 2022
Дата обновления
14 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
29 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
29 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
29 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы