|
Визалық сұрақтар:
|
- 19 наурыз 2025 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Марокко Корольдігі Үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді. Бұл келісім екі елдің азаматтары үшін, яғни ұлттық паспорт иелері үшін, қарсы мемлекеттің аумағында виза алмай 30 күнге дейін болуға мүмкіндік береді. Бұл мерзім әрбір 6 айлық кезеңде есептеледі, есеп басталатын күн — елге кірген күн.
- Қазақстан Республикасының жарамды өтініш құжаттары: ұлттық паспорт.
|
|
Паспорттың жарамдылығы:
|
- Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек.
|
|
Кедендік бақылау:
|
-
Декларациясыз әкелуге рұқсат етілген заттар:
-
Жеке заттар: киім-кешек, аяқ киім, косметика, фотоаппараттар, ноутбуктер, телефондар, кітаптар және басқа да жеке қолданыстағы заттар.
-
Ақша: 100 000 мароккандық дирхамға (~10 000 АҚШ доллары) дейін декларациясыз әкелуге болады.
Тыйым салынған заттар:
-
Есірткі заттары және психотроптық препараттар.
-
Санитарлық сертификатсыз жануарлар, өсімдіктер және олардың өнімдері.
Шектеулі заттар:
Тыйым салынған экспорт:
|
|
Медициналық сақтандыру:
|
- Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
«Туристі міндетті сақтандыру туралы»
|
|
Эпидемиялық ахуал:
|
|
|
Қалыптасқан тәртіп нормалары:
|
|
|
Пайдалы ақпарат:
|
-
Карталар мен навигация: интернет кейде тұрақсыз болуы мүмкін, сондықтан Google Maps немесе Maps.me қосымшаларын алдын ала жүктеп алыңыз.
-
Қаржы:
-
Visa және Mastercard карталары қабылданады, бірақ UnionPay және American Express карталары барлық жерде жұмыс істей бермейді.
-
Кіші дүкендер мен базарларда қолма-қол ақша қолдану кең таралған, сондықтан дирхам алып жүрген жөн.
-
Электрондық төлемдер: Apple Pay және Google Pay барлық жерде жұмыс істей бермейді, сондықтан алдын ала нақтылап алыңыз.
-
Байланыс және интернет:
-
Жергілікті SIM-карта сатып алу ұсынылады (Maroc Telecom, Orange, Inwi операторлары).
-
Туристерге арналған интернет пакеттері бар, ал роуминг қымбат болуы мүмкін.
-
VPN: кейбір веб-сайттар мен сервистер бұғатталуы мүмкін, сондықтан VPN-ді алдын ала орнатыңыз.
-
Климат және киім:
-
Жазда күн ыстық, жеңіл киім киіңіз, бас киім және күннен қорғайтын крем қолданыңыз.
-
Қыста, әсіресе шөлді және тау аймақтарында түнде суық болуы мүмкін.
-
Көлік:
-
Қалаларда Petit Taxi және Grand Taxi таксилері кең таралған, отырмас бұрын бағасын нақтылап алыңыз немесе таксометрдің қосылғанына көз жеткізіңіз.
- InDriver ресми түрде жұмыс істемейді.
-
Жол қозғалысы қарбалас, сондықтан жаяу жүргіншілерге абай болу қажет.
|
|
Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда
|
- Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.
|
|
Консулдық есеп туралы:
|
- Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
- Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.
|
|
Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:
|
- Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
- ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.
|