ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Марокко арасындағы өзара сауда көлемі 82,4%-ға өсіп, $128,8 млн. құрды, оның ішінде экспорт – $117,2 млн., импорт – $11,6 млн жетті.
2020 жылы өзара сауда көлемі $70,6 млн. құраған (экспорт – $55,6 млн., импорт – $15 млн).
2019 жылы бұл көрсеткіш - $82,4 млн болды (экспорт - $70,4 млн, импорт - $12 млн).
Қазақстан негізінен Мароккоға күкірт пен көмір экспорттайды, ал Мароккодан түрлі киімдер, маталар, теңіз өнімдері, көкөністер мен жемістер импортталады.