
Астана, 2025 жылғы 17-21 ақпан – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Замбияның Қазақстанға сауда миссиясы ұйымдастырылды. Оны ҚР Замбиядағы Құрметті Консулы Асиф Патель басқарды, ол сондай-ақ штаб-пәтері АҚШ пен БАӘ-де орналасқан Burkhan World Investments инвестициялық қорының өкілі болып табылады.
Сапар барысында А.Патель «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰГК» АҚ басшылығымен Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесулер өткізді.
Келіссөздер барысында замбиялық тарап мұнай және газ, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі салаларында ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.
Бұл сапар Оңтүстік Африка елдерінің өкілдері үшін Қазақстанға алғашқы сапар емес: бұған дейін елімізге Танзания, Мозамбик және Зимбабведен делегациялары келген болатын. Алдағы уақытта басқа африкалық елдердің делегацияларының да келуі күтілуде.