ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ – 29 ТАМЫЗҒА ОРАЙ ОҢТҮСТІК АФРИКА ЖЕРІНДЕ ЖАCАЛҒАН СҰХБАТТАР

ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ – 29 ТАМЫЗҒА ОРАЙ ОҢТҮСТІК АФРИКА ЖЕРІНДЕ ЖАCАЛҒАН СҰХБАТТАР

ЦВАНЕ ҚАЛАСЫ

 

2020 жылғы 29 тамыз

 

Оңтүстік Африкаңың танымал журналы «Diplomatic Informer Magazine South Africa» («Дипломатия хабаршысы журналы – Оңтүстік Африка») 29 тамызда, жыл сайын осы күні бүкіл әлемде атап өтілетін ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күніне орай, Қазақстанның ОАР-дағы Елшісі Қанат Тумышпен және Африканың ядролық энергия жөніндегі комиссиясының (AFCONE) Атқарушы хатшысы доктор Мессауд Баалиуамермен сұхбаттарды жариялады.

 

Доктор Мессауд Баалиуамер өзінің берген сұхбатында ол AFCONE-нің Африкада атом қуатын дамытуға қалай үлес қосып отырғаны туралы және аймақаралық пен халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары жайында әңгімелеуде.

 

Ал, Қазақстан Елшісі Қ.Тумыш өзінің сұхбатында Қазақстанның және оның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың ядролық қарудан азат ету бойынша жаһандық бастамасының тарихи рөліне тоқталып өтуде.

 

Екі құрлық, әртүрлі халықтар және барша адамзат үшін бір тағдыр - бұл екі жоғары лауазымды тұлғалардың берген екі бөлек сұхбатында айтылған басты идея.

 

Жарияланымдармен оңтүстікафрикалық «ДИПЛОМАТИЯ ХАБАРШЫСЫ» журналының веб-сайтында келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:

 

http://diplomaticinformer.com/?p=1815

http://diplomaticinformer.com/?p=1823