ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АФРИКАДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ, АБАЙ КҮНІНЕ ЖӘНЕ АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒАН БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АФРИКАДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ, АБАЙ КҮНІНЕ ЖӘНЕ АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒАН БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Нұр-Сұлтан – Цване

 

2020 жылғы 10 тамыз

 

Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы Елшілігі, ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына және 10 тамызда атап өтілетін жаңа мереке – «Абай күніне» орай өткізілген онлайн-конференцияға қатысты.

 

Осы іс-шара, «AБАЙ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» тақырыбында өтті.

 

Аталмыш виртуалдық дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасының Қолданбалы Этносаяси Зерттеулер институты бірлесе ұйымдастырды.

 

Ғылыми конференцияға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, Қолданбалы Этносаяси Зерттеулер Институтының директоры Т.Б.Қалиев, Қазақстан халқы Ассамблеяның Ғылыми-Сарапшылық Кеңесінің төрайымы, әлеуметтану ғылымының докторы А.К.Сәдуақасова (модератор), сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан мемлекеттерінен абайтанушы-ғалымдар мен тарихшылар, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, дипломаттар және зиялы қауым өкілдері қатысты.