Қазақстан Африкадағы ірі аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі көрмеге ұсынылды

Қазақстан Африкадағы ірі аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі көрмеге ұсынылды

Цване, 2024 жылғы 20 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Еркін Ахинжанов Африка континентіндегі ең ірі аэроғарыш және қорғаныс техникасының көрмесі – «Africa Aerospace and Defence 2024» көрмесіне қатысты.

Биыл көрмеге әлемнің 30 елінен 450-ден астам компаниялар өз жетістіктерін ұсынып, Африканың қорғаныс өнеркәсібі үшін маңызды оқиға ретіндегі мәртебесін нығайтты. Бұл көрме екі жылда бір рет Оңтүстік Африканың әкімшілік астанасы Цване қаласында өткізіліп, қорғаныс және аэроғарыш салаларының әлемдік көшбасшыларының біріктіреді. Іс-шара сауда экспозициясы мен керемет әуе шоуын құрайды.

Іс-шара аясында қазақ дипломаты Қазақстанның қорғаныс секторында жұмыс істейтін «Paramount Group» және «Мидивисана Инжиниринг» компанияларының өкілдерімен Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі мен халықаралық нарық үшін ынтымақтастық және бірлескен шешімдерді әзірлеу мәселелері бойынша кездесулер өткізді.

«Paramount Group» – аэроғарыш және қорғаныс техникасы саласындағы халықаралық компаниялар тобы, 2016 жылдан бастап Орталық Азиядағы броньды доңғалақты машиналардың ірі өндірушісі «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді.

«Мидивисана Инжиниринг» – командалық-штабтық машиналарды, мобильді кешендер мен қос мақсатты жүйелерді әзірлеуге маманданған инженерлік-зерттеу және өндірістік компания.

 

Соңғы жаңалықтар