
ЦВАНЕ ҚАЛАСЫ
2020 жылғы 31 шілде
Биыл Қазақстан және әлемдік қоғамдастық, ЮНЕСКО аясында ғұлама ғалым, ұлы философ және ағартушы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойын атап өтуде.
Осыған орай, 2020 жылғы 31 шілдеде Оңтүстік Африканың мұсылмандар жинақы тұратын Ерасмия ауданының ең ірі газеті «Laudium Sun» («Лаудиум Сан»), Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай, өз беттерінде «THE JOINT DIPLOMATIC AND CULTURAL PROJECT BETWEEN SOUTH AFRICAN AND KAZAKHSTAN ON THE LEGACY OF NELSON MANDELA AND ABU NASR AL FARABI» («Нельсон Мандела мен Әбу Насыр Әл-Фараби мұрасы бойынша Оңтүстік Африка мен Қазақстан арасындағы бірлескен дипломатиялық-мәдени жоба») атты жарияланымды жасады.
Бұл жарияланым, «COMMUNITY TO BENEFIT FROM PLANS TO CHANGE STREET NAME OF VAN DER HEEVER STREET IN ERASMIA…» («Эрасмиядағы Ван дер Хеевер көшесінің атын өзгерту жөніндегі жоспар – қауымдастығымызға пайда әкелетін бастама») атты бір арнайы мақаладан (1 толық бет) және Қазақстан Елшісімен «AMBASSADOR OF KAZAKHSTAN SPEAKS TO COMMUNITY» («Қазақстан Елшісінің қауымдастығымызға айтар сөзі») атты бір сұхбаттан (2 толық бет) тұрады.
Жарияланыммен «Лаудиум Сан» газетінің веб-сайтында келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:
http://www.nismedia.co.za/ls31jul19.html
http://www.nismedia.co.za/ls31jul20.html
http://www.nismedia.co.za/ls31jul21.html
Баламалы түрде, оның ағылшын тіліндегі толық мәтінін төменде табуға болады.