Республикалық референдум туралы

Республикалық референдум туралы
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
 
2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумның өткізілетінін хабарлаймыз.
 
Оңтүстік Африка Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына дауыс беру құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
 
Осыған орай, Претория қаласында 226 Aries Street мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 448 референдум учаскесі жұмыс істейтін болады.
 
Дауыс беру 2024 жылғы 6 қазанда (жексенбі күні) жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Референдум күні дауыс берушілерде Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы тиіс.
 
Сіздерді № 448 учаскесінің дауыс берушілер тізіміне қосу үшін kazembassy.sa@gmail.com электрондық мекенжайына өздеріңізге қатысты мәліметтерді (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, паспорт нөмірі (берілген күні мен жарамдылық мерзімі) жіберу кеңес береміз.
 
Алдағы республикалық референдум туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтында орналастырылған (www.election.gov.).