
ПРЕТОРИЯ, 2020 жылғы 24 шілде - Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі ғылыми және медиа қоғамдастықтың кейбір жергілікті және халықаралық белсенділерімен қызықты пікір алмасуды ұйымдастырып, дөңгелек үстел өткізді. Кездесуге Әль-Газали білім беру мекемесінің арабтану және философия профессоры Асадулла Әбдулкәрімзада, Йоханнесбург қаласындағы Юнус Эмре институтының директоры Әбділәзіз Жігіт, «Дипломатия жаршысы» журналының (DIM) бас директоры Сюзан Новелла, DIM қызметкері Келвин Модирапула, сондай-ақ Елшіліктің дипломатиялық қызметкерлері қатысты.
Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы Елшісі Қанат Тумыш, осы кездесу барысында, биыл көптеген елдерде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына орай ЮНЕСКО-ның қолдауымен халықаралық деңгейде, тиісті іс-шаралары өткізіліп отырғандығын хабарлады.
Елші қатысушыларға ортағасырлық ғалым және философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі және оның болашақ ұрпаққа қалдырған мұрасы, оның ішінде «Мінсіз мемлекет» кітабы туралы айтып берді. Қ.Тумыш сонымен қатар, Қазақстан Елшілігі ОАР азаматтарының, әсіресе жас ұрпақтардың Әл-Фарабидің туындылары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Оңтүстік Африкада бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын да қоса айтты. Атап айтқанда, Елшілік жыл аяғына дейін Әл-Фарабидің араб тіліндегі түпнұсқасын және қазақ, ағылшын және орыс тілдеріне аудармаларын қамтыған бір кітабын шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ол Гаутенг провинциясының мектеп оқушылары арасында байқау ұйымдастырып, сонымен қатар 2020 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай арнайы іс-шара өткізуді жоспарлап отырлғандығын баяндады.
Кездесу барысында профессор Әбділкәрімзада Цване қаласының Эрасмия ауданындағы көшелердің біріне Әл-Фарабидің есімін беру туралы ұсынысты осы ауданда тұратын бірнеше Оңтүстік Африка азаматтары алға тартып отығанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Елшілікке әл-Фарабидің «Мінсіз мемлекет» кітабын зерттеу және басып шығаруда көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Йоханнесбург қаласындағы Юнус Эмре институтының директоры Әбділәзіз Жігіт, Елшілік ұйымдастыратын іс-шараларға қатысуға және бірлесіп үлес қосуға дайын екендігін білдіре отырып, болашақта өзара қарым-қатынастарды дамыту үшін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесін қарастыруды ұсынды.
Сюзан Новелла, өз кезегінде, осы жылдың аяғына дейін Оңтүстік Африкада Әл-Фараби және оның кітабы туралы тиісті мақалаларды жариялауға қажетті қолдауды көрсетуге, сондай-ақ Елшіліктің бастамаларын және оларды ілгерілету үшін тиісті көмек көрсетуге ниет білдірді.