
2020 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі, Қазақстан мен Оңтүстік Африка қоғам қайраткерімен және музыкалық өнерінің өкілімен бірге Ұлттық домбыра күніне арналған тікелей эфирдегі іс-шараға және виртуалды концертке қатысты. Бұл мерекені Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚХА және «Отандастар» қоры ұйымдастырды.
Домбыр күні жыл сайын өткізіліп тұрады және ол шілде айының бірінші жексенбісінде аталып өтеді. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана шешімімен Ұлттық Домбыра күні тағайындалды.
Домбыра - бұл қазақ музыкасының ең көп қолданылатын халықтық аспабы. Ол Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты Орталық Азия елдеріндегі, сонымен бірге Ауғанстан мен Моңғолиядағы түркі қауымдастықтары арасында кең таралған. Бұл аспап, сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ЮНЕСКО) материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген болатын.
Жаһандық пандемия ұлтымыздың өмірін жаңа оңсыз реалияларға әкеліп жатқан кезде, бұндай ғаламтор желісіндегі іс-шаралар, осынау қиын-қыстау кезеңде музыкалық өнер арқылы халықтың рухын көтеруге ерекше рөл атқаруда.
Бұл виртуалдық басқосуға отыздан астам елдерден 86 адам, солардың қатарында ҚХА мен «Отандастар» Қорының басшылығы, әйгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері, Қазақстанның шетелдегі дипломаттары, сондай-ақ жер-жаһанның түкпір-түкпіріндегі қазақ диаспорасы қатысты.
Бағдарламадағы флеш-мобқа түрлі елдердегі қатысушылар, Құрманғазының «Балбырауын» күйін бір уақытта орындады. Солардың ішінде – атақты отнадық мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері, шетелдегі қазақ диаспорасының белсенділері, сондай- дүниежүзіндегі қазақ жастарының өкілдері де қатысты.
Іс-шара барысында, Қазақстан Елшісі Қ.Тумыш өзінің сөйлеген сөзінде келесі мәселелерді атап өтті. «Шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтілетін бұл мейрам екі жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың данышпан шешімімен Ұлттық домбыра күні деп бекітілді. Осы мерекенің шеңберінде, қазақтың қара домбырасына құрмет көрсетіп, оны әлемге танытуға арналған бүгінгі іс-шарамызға Африка құрлығы да қызығушылық тудыруда».
Оңтүстік Африкадағы дипломатиялық шеңберлері арасында аса беделді бұқаралық ақпарат құралы - «Дипломатия хабаршысы» журналының Бас редакторы, Сьюзан Новела ханым мерекеге қатыса отырып, аталмыш іс-шараның Қазақтың қасиетті аспабы – домбыра арқылы еліміздің рухын паш ететін күніне орай құттықтауын жолдады.
Оңтүстік Африкадан виртуалдық іс-шарада орын алған тағы бір қатысушы, танымал продюсер және санаткер, жастардың өкілі, қоғам белсендісі Нкоси (Бонгинкоси) Нлеко мырза, музыкалық аспаптар – халықтар мен құрлықтарды байланыстыруда маңызды рөл атқаратынын және ОАР музыка индустриясында қызмет көрсететін жастарының атынан қазақ халқын осынау айтулы мерекемен құттықтады.
Н.Нлеко мырза, домбыраны оңтүстік африкалық (әсіресе Ндебеле халқының) қолдан жасалған ең танымал дәстүрлі аспаптармен салыстыра отырып, қазақстандық аспап туралы көбірек ақпарат алуын, оны жақсылап тануға және тереңірек білуге ниетін бірдірді. Сондай-ақ ол, екі ел аспаптарын және музыкалық дәстүрлерін бірлестіре отыра, ортақ бір күй шығаруға деген арманын онлайн іс-шараға қатысушылармен бөлісті.