ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОАР-ДАҒЫ ЕЛШІСІ ҚАНАТ ТУМЫШТЫҢ ОҢТҮСТІК АФРИКАНЫҢ ЕКІНШІ ПРЕЗИДЕНТІ ТАБО МБЕКИГЕ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОАР-ДАҒЫ ЕЛШІСІ ҚАНАТ ТУМЫШТЫҢ ОҢТҮСТІК АФРИКАНЫҢ ЕКІНШІ ПРЕЗИДЕНТІ ТАБО МБЕКИГЕ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОАР-ДАҒЫ ЕЛШІСІ ҚАНАТ ТУМЫШТЫҢ

ОҢТҮСТІК АФРИКАНЫҢ ЕКІНШІ ПРЕЗИДЕНТІ

ТАБО МБЕКИГЕ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ЦВАНЕ,

18/06/2020

ЖОҒАРЫ МӘРТЕБЕЛІ ПРЕЗИДЕНТ МЫРЗА,

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халқы атынан туған күніңізге орай шынайы құттықтауларды жолдаудамын. Осы орайда, Сізге ең ізгі лебіздерімді білдіруге рұқсат етіңіз. Өзіңізге шын жүректен мықты денсаулық және барлық істеріңізге сәттілік тілеймін.

Африканың тұрақты дамуына әрі өсуіне, бейбітшілігіне, тұрақтылығына, экономикалық бостандықтарына, сондай-ақ африкалық әйелдер мен жастарының мүмкіндіктерін кеңейтуге деген аса маңызды күш-жігеріңіз алдағы жылдарда да Қорыңыздың жұмысы арқылы өркендей берсін.

Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы екіжақты қатынастардың рухы – әрқашан да, дәстүрлі түрде, достас және серіктес. Ойткені олар, ең алғашқы кезеңде, біздің Тұңғыш Президенттеріміз – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Оңтүстік Африкаданың Президенті Нельсон Мандела арасындағы, сондай-ақ Өзіңіздің Елбасымызбен өзара достық пен құрмет негізінде құрылған болатын.

Еліміздегі және халықаралық қоғамдастықтағы барша ұрпақтар, Өзіңіздің, Жоғары Мәртебелі, көреген лидер, аса беделді саясаткер, кемеңгер дипломат және Оңтүстік Африканың, құрлықтың әрі жер-жаһанымыз тарихының бағытын өзгерткен, заманымыздың аңызға айналған қаһармандарының бірі ретіндегі орасан зор іс-әрекеттеріңізді жақсы біледі, жоғары құрметтейді және мұқият зерделейді. Өйткені Сіз әрқашан да жалпыға ортақ әл-ауқат, экономикалық өсу, қауіпсіздік, тұрақтылық, даму және өркендеу қамтамасыз етуге ұмтылудасыз.

Осылайша, Қазақстан мен ОАР қарым-қатынастарының берік әрі өзара қолдайтын сипаты жалғастырылмақ. Бұл байламда, екіжақты ынтымақтас-тығымызды Қорыңызбен ықпалдасу арқылы одан әрі нығайту үшін, Сізбен, Жоғары Мәртебелі, тығыз жұмыс істеуге деген ниетімді тағы бір рет білдіруге рұқсат етіңіз. ҚР мен Оңтүстік Африка арасындағы қарым-қатынастар, мемлекеттер мен халықтарымыздың өзара мүдделері үшін алдағы уақытта да дами беретініне сенімдімін. Осы орайда, Қазақстан-ОАР қарым-қатынастары одан әргі кезеңде де жақсы болатындығына күмәнім жоқ. Себебі соңғы жылдары әртүрлі бағыттар бойынша өзара қолдау алмасуларымыз жиі болды.

Жоғары Мәртебелі, Өзіңізге зор құрметімді тағы да қуаттауға рұқсат етіңіз.

 

Ізгі ниетпен

ЕЛШІ Қанат ТУМЫШ