
НҰР-СҰЛТАН. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №10 Қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін 72 сағаттық транзит визасыз режимнің қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылды. Жоғарыда аталған Қаулы 2020 жылдың 27 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Бұл шара науқастар мен жұқтырылған адамдардың Қазақстан Республикасына келу қаупінің жоғарылауын ескере отырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында пневмония ауыруының таралуын болдырмау үшін қабылданды.