
Оңтүстікафрикалық азаматтық қоғамымен ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстанның ОАР-дағы Елшісі Қ.Тумыш, Оңтүстік Африканың белгілі қоғам қайраткері, сонымен қатар саяси және экономикалық сарапшысы, адвокат Аджай Суклалмен кездесті.
Сұхбат барысында А.Суклал, Қазақстан мен ОАР арасындағы «G2G», «B2B» және «G2B» форматтарындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы өзінің көзқарасын білдіре отырып, бірқатар сындарлы ұсыныс жасады. Атап айтқанда, кездесу барысында тараптар екі елдің денсаулық сақтау, білім беру, көліктік-логистикалық дәліздерді дамыту және екі елдің ресми өкілдері мен іскер топтарының деңгейіндегі сапарлармен алмасу саласындағы өзара іс-қимылдың келешегіне қатысты мәселелерді қозғады.
Әңгіме соңында, ҚР мен Оңтүстік Африка арасындағы саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әріптестікті нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру мақсатында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізіді.