2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Қанат Тумыш, Оңтүстік Африканың белгілі қоғам қайраткері, жазушы, Тембекиле Мандела атындағы Қордың (Оңтүстік Африканың ауылдық аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту жөніндегі ұйым) жетекшісі, ОАР Тұңғыш Президенті Нельсон Манделаның немересі Ндилека Мандела ханыммен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени салалардағы қазақстандық-оңтүстікафрикалық ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ Нельсон Манделаның мұрасын Қазақстанда, ал Абай мен Әл-Фараби мирасын Оңтүстік Африкада кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.