Қазақстанның инновативті жаңғыртылуы және басшылығымыздың игі бастамалары Оңтүстік Африка Республикасында жоғары бағалануда

Қазақстанның инновативті жаңғыртылуы және басшылығымыздың игі бастамалары Оңтүстік Африка Республикасында жоғары бағалануда

ПРЕТОРИЯ, 3 ЖЕЛТОҚСАН, 2019 - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні – екі маңызды мерекеге орай Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған салтанатты дипломатиялық қабылдауға келген қонақтар Қазақстанның инновативті модернизацияға бағдары мен біздің мемлекетіміз басшылығының жаһандық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік саясаттағы игі бастамаларын жоғары бағалады. 

Биылғы жылы 3 желтоқсанда Претория қаласындағы «Pretoria Country Club» сәулетті мекен-жайда өткен іс-шараға Оңтүстік Африка Республикасы Президент Әкімшілігінің және Үкіметінің өкілдері, соның ішінде Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық, Өнеркәсіп және сауда министрліктері, жергілікті билік органдары, қоғам және мәдениет қайраткерлері, Оңтүстік Африкада тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус басшылары (елшілер мен жоғарғы комиссарлар), іскер және академиялық топтардың өкілдері, жетекші бұқаралық ақпарат құралдары және қазақ диаспорасы қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қанат Тумыш: «Қазақстандағы бүгінгі жетістіктерге Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында қол жеткізілді. Ол елімізді дамып келе жатқан экономикасы бар тұрақты және ғаламшар деңгейінде беделді мемлекетке айналдырды. Бүгінгі таңда біз, Біріккен Ұлттар Ұйымының 2045 жылы тойланатын 100-жылдық мерейтойына таман ядролық қару, зорлық-зомбылықтар мен терроризмнен азат әлем құру жолындағы жетекші қозғаушы күш ретінде бүкіл планетаға белгілі болдық. Осы жылы сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасының саясатының сабақтастығын сақтап, Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеуге және жүйелі реформалар жүргізу арқылы елімізді дамудың сапалы жаңа кезеңіне шығаруға бел буды. Осы тұрғыда ол мемлекетті модернизациялау үшін Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі ретіндегі сындарлы қоғамдық диалогты құруға бес негізгі міндетті белгіледі».

Елші Қ.Тумыш сондай-ақ келесі мәселелерге тоқталды: «Мен екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейі мен олардың дамуындағы оң динамиканы атап өткім келеді. Бізде көп ортақ нәрсе бар - ұлттық экономикалардың ұқсас құрылымы, халықтың көпұлтты және көпконфессионалды құрамы, қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігі мен жаңартылған өңірлік ұстанымның басымдықтарын алға тартатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде белсенді жұмыс тәжірибесі. Біздің саудамыздың жалпы көлемі соңғы үш жыл бойы өсіп келеді және біртіндеп жыл сайын бір миллиард ранд деңгейіне жақындап келеді».

Осыған ұқсас пікірді, қабылдауға ОАР Үкіметі тарапынан Құрметті қонақ ретінде тағайындалған Оңтүстік Африканың Индустрия және сауда министрлігінің бас директоры (атқарушы хатшы дәрежесі), экономика ғылымдарының докторы Монде Том мырза білдірді. Оның айтуынша: «Екі достас жас мемлекетіміз қысқа мерзімде мемлекетаралық қатынастардың сапалы жаңа заманауи моделін құрды, ол екі халықтың ерекше тәжірибесі мен дәстүрлерін ескереді. Данышпан саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы маңызды бастамалар біздерді таң қалдырған. Ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде біз Жоғары Мәртебелінің жаппай қырып-жою қаруына тыйым салу және оны жою жөніндегі бастамалары бізге ерекше әсер етті. Сондай-ақ біз, еліңіздің Сириялық бейбітшілік үдерісі сияқты күрделі мәселелерді шешуге арналған бірегей әрі тиімді алаңша ұсынғанына қуаныштымыз».

Одан кейін Монде Том мырза келесіні атап өтті: «Биылғы жылы екі елде де орын алған саяси транзиттен кейін, Оңтүстік Африка мен Қазақстанның алдағы жылдары мемлекетаралық қатынастардың сапалы жаңа деңгейіне шығатынына және болашақта кеңейтілген сауда-экономикалық серіктестік туралы келісімге қол қоятынына кәміл сенеміз. Біз мұны, құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және инвестициялар тартуға шоғырланған Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сирилл Рамапосаның өз лауазымдарындағы алғашқы кезеңінде жүзеге асырғымыз келеді. Осыған байланысты біз Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған екіжақты консультациялардың 7-ші раундын, сондай-ақ жоғарғы және жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасуды күтеміз».

Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы серіктестікті тек саясаткерлер мен дипломаттар ғана емес, сонымен бірге оңтүстік африкалық ірі кәсіпкерлер де жоғары бағалады. Айта кететін жайт, қабылдау аясында Қазақстан Елшілігі мен Йоханнесбургтегі Құрметті консулдығы бірлесіп дайындаған Қазақстан мен Оңтүстік Африка қарым-қатынасы туралы бейнеролик көрсетілді. «Қазақстан әлемнің барлық елдерінен, соның ішінде Оңтүстік Африкадан келген инвесторларға есік айқара ашты. Осыған байланысты, сіз дер көптеген мемлекеттерді шабыттандырасыз. Жалпы, екі елдің де бір-бірінен үйреніп, табысты болатын көптеген салалар және мәселелер бар. Осы тұрғыдан, өзара инвестицияларды, сауда мен туризм дамытуды және мәдени алмасуларды іске асыру керек», - деді Айвор Ичиковиц, Оңтүстік Африканың жетекші іскер адамдарының бірі, «Paramount Group» АҚ Президенті, Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы ең ірі қаласындағы Құрметті консулы.

Қабылдау аясында оның қонақтары Қазақстанның жылы қонақжайлығын жоғары бағалап, еліміздің ұлттық тағамдарының дәмін татты.