ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІ, ОАР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ АЗИЯ, ТАЯУ ЖӘНЕ ОРТА ШЫҒЫСТЫҢ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІ, ОАР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ АЗИЯ, ТАЯУ ЖӘНЕ ОРТА ШЫҒЫСТЫҢ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

ЦВАНЕ, 2021 ЖЫЛҒЫ 23 МАУСЫМ 2021. Осы айда Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы Елшісі Қанат Тумыш, ОАР Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрі Наледи Пандор ханым және Азия, Таяу және Орта Шығыс мемлекеттерінің Преторияда тіркелген  Елшілерімен арасындағы ресми кездесуге қатысты.

Аталмыш кездесу барысында, Министр Наледи Пандормен орын алған сұхбатында Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш,  ҚР мен ОАР арасындағы қарым-қатынастары туралы қысқаша пікір алмасып, оның барысында отандық QazVac вакцина шығарылғаны туралы ерекше тоқталып өтті. Осы орайда ол, Қазақстан тарапы көз жетімді келешекте бұл мәселеде ОАР тарапымен ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірген  болатын.

 

МИНИСТР НАЛЕДИ ПАНДОРДЫҢ АЗИЯ, ТАЯУ ЖӘНЕ ОРТА ШЫҒЫС  ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕГІ БАЯНДАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

  • ОҢТҮСТІК АФРИКАНЫҢ АЗИЯ, ТАЯУ ЖӘНЕ ОРТА ШЫҒЫСПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНА ШОЛУ. Өздеріңізге және Үкіметтеріңізге, Оңтүстік Африканың пандемиямен күресінде соңғы 15 айда көрсеткен қолғабысы үшін алғыс білдіргім келеді. ОАР Үкіметі Сіздердің Үкіметтеріңізден жомарт жарналарды, соның ішінде бұқара азаматтарымызға арналған жеке қорғаныс құралдарын, халқымыздың кедей және осал топтарына арналған азық-түлік пакеттерін, сондай-ақ мектептер мен басқа да мекемелерімізге арналған жанашырлық жәрдемді алды. Пандемияның алғашқы күндерінде азаматтарымызды репатриациялау кезінде Сіздердің Үкіметтеріңіз біздің тарапқа жасаған көмегін де жоғары бағалаймыз.
  • Бұдан былай экономиканы қысқа мерзімде қалпына келтірудің күшін анықтайтын негізгі факторлардың бірі – пандемияны ауыздықтауға бағытталған шаралардың тиімділігі болмақ. Оңтүстік Африка COVID-19 пандемиясының одан әрі өршуіне жол бермеу үшін, Азия, Таяу және Орта Шығыс аймағымен ынтымақтастықты нығайтуға және мүмкіндігінше Африка құрлығында вакцина өндірісіне күш салуға ниетті. Қазір әлемде COVID-тен кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтірудің проблемалары тұр. Азия, Таяу және Орта Шығыстағы елдер, Оңтүстік Африка үшін маңызды сауда серіктестері болып табылады. 2020 жылы ОАР-дың Азия, Таяу және Орта Шығыс мемлекеттерімен екіжақты сауда-саттығы 984 миллиард оңтүстікафрикалық рандты (≈ 70 миллиард АҚШ долларын) құрады. ОАР осы аймақтағы елдермен екіжақты қатынастары жақсы жолға қойылған, атап айтқанда, техникалық ынтымақтастығымыз, денсаулық сақтаудағы ықпалдастығымыз, сондай-ақ халқымыздың біліктілігін арттыру сияқты салаларда, бұл мемлекеттер Оңтүстік Африкаға айтарлықтай инвестициялық үлестерін қосуда. ОАР Азия, Таяу және Орта Шығыс үкіметтерімен сауданы, инвестицияларды мен бизнесті бірлесіп дамыту үшін тығыз ынтымақтастықты жалғастырғысы келеді. Инвестициялардың қазіргі деңгейін көтеру үшін айтарлықтай әлеует бар, әсіресе біздің жергілікті тауарлар мен табиғи ресурстарды байытуға және қосымша құн қосуға бағытталған салаларда. Тағы бір мүмкіндік – кең африкалық нарыққа шығу үшін, Африкадағы құрлықтық еркін сауда аймағы туралы келісімінің (AfCFTA) барлық артықшылықтарынан тұтынып, Оңтүстік Африканы логистикалық хаб ретінде пайдалану.
  • ОҢТҮСТІК АФРИКАНЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ. 2020 жылғы қарашада ОАР-дың АСЕАН-ның Достық пен ынтымақтастық туралы келісіміне қосылуы – тарихи жайт болып табылады. Ол тығызырақ әрі тиімдірек экономикалық мүмкіндіктерді жасауға көмектеседі. 2021 жылғы шілдеде бірқатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, оның ішінде Индонезия, Малайзия, Вьетнам және Сингапурға баруды асыға күтемін.
  • ОҢТҮСТІК АФРИКАНЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫСПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ. Таяу Шығыс аймағы – Оңтүстік Африканың пандемиядан кейінгі кезеңде қайта құруы мен дамуы үшін өте маңызды. 2020 жылы ОАР-дың Таяу Шығыспен жалпы сауда-саттығы COVID-19 індетінің сауда мен инвестицияларға кері әсеріне қарамастан, 122 миллиард оңтүстікафрикалық рандты (≈ 9 миллиард АҚШ долларын) құрады. Өзара сауданы әртараптандыру – Оңтүстік Африка мен Таяу Шығыс өңірі үшін басты басымдық болып табылады. Бұл үдеріс жүйелі түрде орын алуда, бірақ әзірге шикі мұнай мен мұнай-химия өнімдерінің үстемдігі сақталып отыр. Сауда динамикамызды дамыту, басқа секторларда да өсуді қамтамасыз ету, сондай-ақ нәтижесінде өзара саудамызды әртараптандыру үшін, бәрімізге тиісті жұмыс жасау керек. 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында мен Сауд Арабиясы мен Кувейтке ресми сапарлар шегіп, әріптестеріммен бірқатар өзекті мәселелерді, соның ішінде Таяу Шығыс пен Африкадағы қауіпсіздік ахуалын талқыладым. Екіжақты қатынастар тұрғысынан біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға келістік. Сол сияқты, мен 2021 жылдың соңында Оман мен Катардағы әріптестеріммен ОАР-да кездесулер өткізуді жоспарлаймын. Біздің тараптар орнатқан екіжақты тетіктер арқылы ықпалдастығымыздың жалғастырылуын асыға күтемін.
  • ДСҰ ЖӘНЕ ВАКЦИНАЛАР. Оңтүстік Африка Үндістанмен бірге, вакциналар мен дәрі-дәрмектерді шығаруға қажетті технологияға кеңірек қол жетімділікті жеңілдету үшін (әсіресе ең кедей елдер үшін), ДСҰ-ның интеллектуалды меншік құқығының сауда аспектілері туралы келісімінің (TRIPS) кейбір ережелерінен уақытша бас тарту туралы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына тиісті ұсыныс жіберді. Азия, Таяу және Орта Шығыс аймағындағы барлық елдерді осы бастаманы қолдауға шақырғымыз келеді. Мұндай құқықтардан уақытша бас тарту – зияткерлік меншікті пайдалануға, технологиялардың трансфертін жасауға, вакциналар мен терапия құралдарын өндіруге, бағаны төмендетуге және вакциналардың барлық елдерде және халықтарға таралуын жеделдетуге жақсы мүмкіндік береді. Пандемияны тоқтату үшін – әлемдік деңгейде тиімді және жан-жақты вакцинацияның маңызы зор. Пандемия жалпы әлемдік экономикаға, атап айтқанда Африкаға айтарлықтай кері әсер етті. Сонымен қатар Африканың, вакциналармен қамтамасыз етудің талай қосымша проблемаларын шешуі керек. Азия, Таяу және Орта Шығыстағы бірнеше ел, COVAX бағдарламасына маңызды ресурстарын жұмсады. Бұл бағдарлама – көптеген африкалық елдерге және басқа өңірлердегі мемлекеттерге пайдалы болмақ. Осы ретте ОАР, Жаһанның оңтүстігінде вакцинаны тарату үшін тиісті COVAX орталығын құру жөніндегі ДСҰ-ның маңызды бастамасын барынша қолдайды.
  • ҚАҚТЫҒЫСТАР. Өкінішке орай, COVID-19 пандемиясының жойқын әсерінен басқа, Азия, Таяу және Орта Шығыстағы бірнеше елдердегі бауырларымызға, қарулы қақтығыстар мен қысым саясаты кесірінен, азап пен ауырулардан төзуге тура келді. Қақтығыстар қандай да бір жақсы нәрсеге әкелмейді.
  • ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ЖАҒДАЙ. Жақында орын алған Палестинаны бомбалаудың трагедиясы – соғыс пен қақтығыстардың қатал салдарларын тағы да куәландыруда. 75000-нан астам палестиналықтар қоныс аударуға мәжбүр болды, шамамен 243 адамнан зардап шекті, оның 64-і – палестиналық балалар, ал 38-і – палестиналық әйелдер. Израиль де ысырап пен қазаларға ұшырады. Таяу Шығыстағы барлық адамдарды бейбітшілік әрекеттерін күшейтуге шақырамыз. Қазіргі атысты тоқтатуға себеп болған келіссөздерге көмектескен барлық тараптарға алғысымызды білдіреміз. Оңтүстік Африка, Палестина мен Израиль арасындағы шынайы келіссөздер үшін халықаралық қоғамдастықпен және барлық тараптармен бірге, әділ де ақ Палестина ісін көпжақты және екіжақты деңгейде де қолдауды жалғастырмақ.
  • СИРИЯДАҒЫ ЖАҒДАЙ. Біз сондай-ақ Сириядағы қақтығысты шешу – бұл үдеріске сириялықтардың өздері жетекшілік еткен кезде ғана тұрақты нәтиже береді деп санаймыз.
  • ЙЕМЕНДЕГІ ЖАҒДАЙ. Йемендегі жағдай – заманамыздағы ең үлкен гуманитарлық дағдарысты тудырды және де бұл жайт Оңтүстік Африканы ерекше алаңдатады. Оңтүстік Африка бұл жанжалды шешу үшін БҰҰ-ның делдалдығымен және йемендіктердің өздері жетекшілік ететін келіссөздер жүргізуге шақырғанын қайталайды.
  • Оң Африка, Оңтүстік Африка Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын (JCPOA) қалпына келтірудегі жетістіктерді құптайды. Тиісті тараптардың бұл мәселеге дипломатиялық шешім табуға тырысқаны – өте қуанышты жайт.

МЯНМАДАҒЫ ЖАҒДАЙ. Оңтүстік Африка, Мьянмадағы демократиялық емес оқиғаларды бейбіт жолмен шешуге ықпал етудегі АСЕАН-ның сындарлы рөлін толығымен қолдайды.

 

#Kazakhstan30 #Qazaqstan30 #KZIndependence30