ТАНЫМАЛ ТАНЗАНИЯЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАНЗАНИЯДАҒЫ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТАНЫМАЛ ТАНЗАНИЯЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАНЗАНИЯДАҒЫ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Претория, 2021 жылдың 28 мамыры – Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш оңтүстікафрикалық елордасында Біріккен Танзания Республикасының (БТР) азаматы, танымал кәсіпкер Әмір Мұниф Әбдолла Наһди мырзамен кездесті.

Осы беделді іскер адам OILCOM GROUP танзаниялық мұнай холдингінің төрағасы және басқарушы директоры болып табылады.

2021 жылғы 22 сәуірде Танзанияның Үкіметі, осы азаматтың ҚР-дың БТР-дағы Құрметті консулы болып тағайындалуына өз келісімін растайтын ресми құжатын (консулдық экзекватурасын) берді. Осылайша, биыл Қазақстанның Танзаниядағы Құрметті консулдығы ашылады деп күтілуде.

Қос тарап, бірқатар көкейкесті мәселе бойынша өздерінің пікірлерімен, сондай-ақ кәсіби тәжірибелерімен алмасты. Олар, сондай-ақ, жалпы қызығушылық тудыратын кейбір өзге де мәселелерді, соның ішінде Құрметті консулдық ашудың нақты мерзімдерін, Қазақстанның Танзаниядағы азаматтарына қолғабыс көрсетілуін, «Танзания-Қазақстан Сауда палатасын» құрылуын, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың жолдарын және өзге де мәселелерді талқылады.

Екі жақ, Қазақстан мен Танзанияның ықпалдастығының басқа да қырлары бойынша, әсіресе лаңкестікке қарсы күресу бойынша пікір алмасып, танзаниялық тараптың Елбасының бастамасы болып табылатын «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізудің іс-әрекет кодексіне» қосылуы үшін бірлесе күш-жігер жұмсауға да уағдаласты.

Кездесуге Танзанияның ОАР-дағы Жоғарғы комиссары генерал-майор Сәлім Миланзи және өзге де ресми тұлғалар қатысты.

 

#Kazakhstan30#Qazaqstan30#KZIndependence30