
ЦВАНЕ қ.
18 мамыр 2021
ЕЛШІ ЗАЗЕРАЖМЕН КЕЗДЕСУ
Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Қанат Тумыш Елшілікте Paramount Group компаниясы Бас директорының аға кеңесшісі, Елші Виктор Зазеражбен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы бірлескен жобаларды, оның ішінде «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» БК жобаларын ілгерілетудің мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ олар биылғы және одан кейінгі жылдарда тиісті жобаларды өзара тиімді іс-қимылдарды жүзеге асыру арқылы жылжытудың мүмкіндіктері туралы пікірлерімен алмасты.
Елші Қ.Тумыш сонымен қатар Қазақстанда (Қызылорда облысында) индустриялық және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы (ет және сүт өндірісі) және басқа салаларды қамтитын бірнеше инвестициялық жобаларды ұсынды. Оған қоса, аэроғарыштық және қорғаныс инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін зерделеу туралы келісімге қол жеткізілді.
Қорытындылай келе, тараптар ынтымақтастық үшін әртүрлі платформаларды пайдалануға, соның ішінде жақын арада Йоханнесбургте Қазақстанның Құрметті консулдығын құруға келісті.