
НҰР-СҰЛТАН-ПРЕТОРИЯ, 2021 ЖЫЛҒЫ 9 СӘУІР
Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (AIFC) бірлесе ұйымдастырған «Іскерлік адалдық форумы 2021» (Business Integrity Forum 2021) атты және «ANTIKOR» тақырыпты халықаралық іс-шараға интернет арқылы қатысты.
Алғаш рет өткізілген осындай инновациялық форматтағы жүздесу, Қазақстанның экономикалық дамуының ең өзекті мәселелерін талқылауға, шетелдік инвестицияларды тартуға және бизнес қауымдастықтың сыбайлас жемқорлық пен этикалық мінез-құлық мәселелерін жеңуге бірегей мүмкіндік берді.
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары және еліміздің мемлекеттік қызметкерлері, қазақстандық және шетелдік елшілер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің сарапшылары, сондай-ақ академиялық және азаматтық қоғамның өкілдері де қатысты.