
ЦВАНЕ, 2021 жылғы 29 наурыз
2021 жылғы 27 наурызда Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы және Африка Оңтүстігін Дамыту Қауымдастығына (SADC) мүше мемлекеттеріндегі Елшісі Қанат Тумыш, Ботсвана Парламентінің (Халықаралық істер, қорғаныс, әділет және қауіпсіздік комитетінің және кейбір басқа комитеттердің мүшесі) және Панафрикалық Парламенттің (PAP) депутаты Мепато Р. Реатиле мырзамен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты кеңінен талқылап, соның ішінде алдағы уақытта Қазақстан Республикасы мен Ботсвана Республикасы арасында дипломатиялық қатынастарды орнату мәселесіне де арнайы тоқтады.