Қазақстан Елшісі, ОАР-дың Жұмыспен қамту және еңбек министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан Елшісі, ОАР-дың Жұмыспен қамту және еңбек министрінің орынбасарымен кездесті

Цване, 2021 ж. 15 наурыз

 

2021 жылғы 14 наурызда Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Қанат Тумыш, ОАР-дың Жұмыспен қамту және еңбек министрінің орынбасары, Оңтүстік Африка Парламенті Ұлттық Ассамблеясының мүшесі Бойтумело Элизабет Молои ханыммен кездесу өткізді.

 

Жүздесудің барысында Оңтүстік Африка тарапы, 2021 жылдың ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы кеңінен атап өтіліп, осы атаулы мерейтойға орай бүкіл әлемде тиісті мерекелеу іс-шаралары ұйымдастырылатынымен, сондай-ақ Ұлы Дала еліміздің негізгі сыртқы және ішкі бастамаларымен хабардар етіліп, Тәуелсіздік жылдары барысында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі мен көреген басшылығы арқасында Отанымыздың қол жеткізілген ірі жетістіктерімен таныстырылды. Сонымен қатар Министрдің орынбасарына, таяуда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған «ҚР-дың 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары», сондай-ақ осы маңызды құжат аясында Қазақстан Үкіметі белгілеген тиісті мақсаттар мен көрсеткіштер туралы да баяндаған болатын.

 

Тараптар, елдің өзара мүддесі үшін, дәстүрлі достас қазақстандық-оңтүстікафрикалық қарым-қатынастардың, соның ішінде, сауда, экономика, жұмыспен қамту, еңбек, ауыл шаруашылығы және инвестиция салаларындағы қазіргі жағдайы және дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

 

Нәтижесінде, Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы қалыптасқан өзара іс-қимылды тереңдету үшін, Қазақстан Елшілігінің ОАР-дың ресми және іскери топ өкілдерімен бұдан былай тиісті арнайы кездесулердің ұйымдастырылуы туралы алдын-алғы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

#Kazakhstan30 #Qazaqstan30 #KZIndependence30