ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық бастамалары Оңтүстік Африкада айтарлықтай қолдау табуда

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық бастамалары Оңтүстік Африкада айтарлықтай қолдау табуда

Цване қаласы, 2021 жылғы 11 наурыз 

 

2021 жылдағы 11 наурызда Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш, Тембекиле Мандела Қорының құрушысы және Атқарушы директоры, Оңтүстік Африканың Түңғыш Президенті Нельсон Манделаның үлкен немересі  Ндилека Мандела ханыммен кездесті.

Кездесу барысында Елші 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аталып өтілетінін хабарлап, еліміздің егемендігі жылдары кезеңінде қол жеткізілген жетістіктер жайында және ондағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тарихи рөлі туралы айтып берді. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың таяуда қабылдаған Қазақстаның 2025 жылға дейінгі даму жоспары мен осы орайда Үкімет алдына қойылған талап пен мақсаттар жайында мәлімдеді.

Сұхбат кезінде Қ.Тумыш Н.Мандела ханымға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа халықаралық бастамасы - Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем үшін Көшбасшылардың Жаһандық Альянсы туралы хабарлап, бұл бастаманы бірлесіп ілгерілетудің перспективаларын талқылады. Осыған байланысты қазақстандық дипломат, Н.Манделаны Әлемдік лидерлерге ядролық қауіпсіздік пен ядролық қару-жарақтан азат әлем құру үшін көшбасшылардың жаһандық альянсын құру туралы Астана клубының Ашық үндеуін қолдауға шақырып, бұл мәселе бойынша сұхбаттастың толықтай қолғабысын алды.

         Сонымен бірге Қазақстан Елшісі, Н.Мандела ханымға Елбасының бастамасы болып табылатын «G-Global» Жаһандық қауымдастығы Халықаралық хатшылығының Басшысы С.Нөгербековтың, «G-Global» аясындағы «БҰҰ 2030 жылға дейінгі Тұрақты Даму Мақсаттарын іске асырудағы жастардың үлесі» атты ғаламдық байқаудың Халықаралық ұйымдастыру комитетінің Төрайымы болуына шақыратын хатын табыс етті.  

         Кездесудің соңында тараптар 2021 жылы Қазақстанда өтетін бірқатар маңызды іс-шаралар туралы, сонымен қатар еліміздің таяуда әлемге ұсынған “Жаһандық «Жібек Жолы» жүлдесі” («Global “Silk Road” Award») туралы пікір алмаса отырып, Африка құрлығы атынан осы марапатты беруді ұйғару жөніндегі Халықаралық кеңесінің мүшесі ретінде Н.Мандела ханымның қатысуы жайында да алдын-алғы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

#Kazakhstan30 #Qazaqstan30 #KZIndependence30