
ЦВАНЕ ҚАЛАСЫ, 2021 ЖЫЛҒЫ 10 НАУРЫЗ
2021 жылы 9 наурызда Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Қанат Тумыш, Оңтүстік Африканың Студенттері Ұлттық Конгресінің (SASCO) вице-президенті Буиле Мативанемен кездесті.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Африканың жастар ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың және екі елдің ЖОО-лары арасында болашақта бірлескен академиялық және спорттық (соның ішінде регби және өзге де дәріпті командалық ойындар бойынша) іс-шаралар ұйымдастырудың көп үміт күтерлік перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар, сондай-ақ, кейбір өзекті жаһандық мәселелер бойынша да, атап айтқанда, ғаламдық климаттың өзгеруі, дүние жүзіндегі жастарды қолдау саясатын ілгерілету және әлемдік еріктілер қозғалысын насихаттау бойынша бірлескен жарыссөздерді ұйымдастыру бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында, екі мемлекеттің жастар ұйымдары арасында тиісті ынтымақтастық туралы меморандумдарды жасасу мүмкіндігін қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.