Жемісті және серпінді сауда-экономикалық ынтымақтастығымыздың дәйекті ілгерілетілуі, көбінесе, жоғарғы деңгейдегі қуатты қолдауға байланысты. Қазақстан мен Оңтүстік Африка басшылары дәстүрлі түрде осы бағыттағы екіжақты қатынастарды дамытуға үлкен мән береді.
ОАР - Қазақстанның Африкадағы жетекші сыртқы экономикалық әріптесінің бірі деп сеніммен айтуға болады. Ынтымақтастығымыздың ең перспективалы бағыттары ретінде – агроөнеркәсіп кешені, тау-кен рудасы және тау-кен қазу (қысқашасы, тау-кен) өнеркәсібі, әскери-өнеркәсіптік кешен, туризм және т.б. салалар болып табылады.
Қазақстанның маңызды құрлықішілік көліктік және транзиттік әлеуетін, ал ОАР-дың «үш мұхиттың түйісуіндегі» елеулі теңіз алпауыт елі екенін ескере отырып, «Бір белбеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру шеңберіндегі жобаларға қатысу екі мемлекетке де өзекті болып келетінін айырықша атап өткен жөн.
Оңтүстік Африканың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуы, 2019 жылдан бастап ұлттық паспортын ұстаушы Оңтүстік Африка азаматтары үшін қазақстандық электрондық визалардың енгізілуі, ал 2020 жылы - дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттар иелері үшін визасыз режимнің орнатылуы (ҚР 2019 жылғы желтоқсан айында, ал Оңтүстік Африка тарапы 2020 жылдың аяғына дейін қол қояр деп күтілетін «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оңтүстік Африка Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісім»), өзара тиімді ынтымақтастықты белсене дамытуға деген ынталандырушы алғышарттар болып табылады.
Ынтымақтастығымыздың барлық салалардағы дәйекті түрде тереңдей түсуінің және экономикалық байланыстарымыздың белсенді дамуының тағы бір дәлелі - Қазақстан экономикасының бірқатар салаларына кірген Оңтүстік Африканың капиталы. Қазақстанда оңтүстікафрикалық қатысумен онға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.
2015 жылғы желтоқсанда Астана қаласында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен, ОАР мен Қазақстанның «Kazakhstan Paramount Engineering» атты Бірлескен кәсіпорнының құрышпен қапталған әскери техниканы шығаратын зауыты ашылды.
Қазақстандық әріптестерімен келіссөздер жүргізу мақсатында 2019 жылғы наурызда ұйымдастылылған ОАР Сауда және өнеркәсіп министрлігі делегациясының Астанаға сапары, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтағы қазақстандық бағыттың Оңтүстік Африка үшін маңыздылығын растады.
Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы сауданың салыстырмалы түрде төмен деңгейіне қарамастан, Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасында Елшілігі ашылғаннан кейін, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуында оң үрдіс байқалуда.
Нақты айтқанда, 2015 жылы ҚР мен ОАР арасындағы тауар айналымы 18,7 млн. долл. (экспорт 0, импорт 18,7 млн. долл.), 2016 жылы - 35,8 млн. долл. (экспорт 3 млн. долл., импорт 32,8 млн. долл.), 2017 жылы - 39,3 млн. долл. (экспорт 6,6 млн. долл., импорт 32,6 млн. долл.), 2018 жылы - 46,9 млн. долл. (экспорт 24,6 млн. долл., импорт 22,2 млн. долл.), 2019 жылы – 50,9 млн. долл. (экспорт 22,1 млн. долл., импорт 27,9 млн. долл.), 2020 жылы – 67,75 млн. долл. (экспорт – 2,7 млн. долл., импорт – 64,9 млн. долл.), 2021 жылы – 59,5 млн. долл. (экспорт – 9,8 млн. долл., импорт – 49,6 млн. долл.), ал 2022 жылы – 80,7 млн. долл. (экспорт – 28,14 млн. долл., импорт – 52,61 млн. долл.) құрады.
Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасына экспортында басым бөлігін:
және т.б. құрайды.
Оңтүстік Африкадан Қазақстанға импортының негізгі баптары қатарында:
және т.б. бұйымдар бар.