
Прага, 2025 жылғы 27 қантар – Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев шетелдік инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету жөніндегі жұмыс шеңберінде Чех экспорттық банкінің Директорлар кеңесінің төрағасы Даниель Крумпольцпен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында қазақ дипломаты Қазақстанның сауда-экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ ел экономикасына шетелдік капиталды ынталандыру және тарту бойынша қабылданып жатқан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шаралары туралы баяндап берді.
Д.Крумпольц өз кезегінде Чех экспорттық банкінің экспорттық несиелер мен экспортқа байланысты басқа да қызметтерді ұсыну және қаржыландыру негізінде экспортқа мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ іскерлік жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы тұрақты ақпарат алмасуды жолға қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Анықтама: 2023 жылғы 24 сәуірде Чех Республикасының Премьер-министрі П.Фиаланың Қазақстанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Даму Банкі мен Чех экспорттық банкі арасында инвестициялық жобаларды қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық бөлігінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.