Қазақстандық реформалар Ян Захрадилмен кездесуде таныстырылды

Қазақстандық реформалар Ян Захрадилмен кездесуде таныстырылды

Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Еуропа Парламентінің экс-депутаты Ян Захрадилмен кездесті. Кездесу барысында тараптар жаһандық, өңірлік және екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Б.Дүйсенбаев әңгімелесу барысында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың нәтижелері туралы ақпарат берді.

Я.Захрадил Қазақстан мен Еуропа арасындағы көлік-логистика және энергетика салаларындағы, сондай-ақ стратегиялық шикізат бағытындағы серіктестікті ерекше атап өтті.

Тараптар Прагада Қазақстан мен Орталық Азияның жаһандық және екіжақты контексттегі рөлін талқылауға арналған пікірталас ұйымдастыру туралы уағдаласты.